Мəртебелі хадистің түсіндірмесі✅ "Алла Адамды оның бейнесінде жаратты" хадисінің түсіндірмесі Əбу Хурайра жеткізеді, Пайғамбар салляЛлаху алейхи уассалям айтты: عن أبي هريرة قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم وفي حديث ابن حاتم عن النبي صلى الله عليه وسلم قال إذا قاتل أحدكم أخاه فليجتنب الوجه فإن الله خلق آدم على صورته "Сендердің біреулерің бауырымен шайқасқанда бетінен ұрудан сақтансын, өйткені Алла Адамды оның бейнесінде жаратты". ( «Сахих» Мүслімде, хадис №2612) Түсіндірме (шарх): "Алла Адамды оның бейнесінде жаратты" деген оның сөздері, олар сипатқа қатысты хадистерге жатады жəне алдында "Сенім кітабында" анық түсіндірілген. Ғұламалар олардың түсіндірмесі турасында сөз қозғамайды жəне де олар айтады: "Біз ол сөздердің ақиқат екеніне сенеміз жəне тікелей мағынасы алынатындығына сенеміз, жəне Аллаға лайықты өз мағынасы барлығына сенеміз. Жəне де бұл көптеген ізгі саляфтардың жолы, жəне бұл сенімді жəне қауіпсіз. Екіншіден, оларды түсіндіргенде Алланы Оған тəн емес барлық кемшіліктерден пəктейміз жəне " Оған ештеңе тең келмейді" негізінде түсіндіріледі. Əл-Мəзури (453-536жж.хижри бойынша/ 1061-1141жж.) айтты: "Бұл хадистің ережесі орнатылған, жəне кейбіреулер оны былай жеткізді: "Алла Адамды Мейірімдінің бейнесінде жаратты". Бірақ бұл хадис адамдарының арасында орнатылмаған (əхлүл-хадис). Жəне де мүмкін, оны жеткізуші адам ол жаттап алған мағынасымен жеткізді жəне де сол себепті қателесті". Кейінірек Əл-Мəзури айтты: "Бұл сұрақта Ибн Қутайба да қателесті, себебі айтылған хадисті тура мағынасында түсінді: ол Алланың бейнесі бар, бірақ басқалардан ерекшеленетін деп айтты. Бұл сөздер - анық адасу, өйткені бейнесі бар əрбір зат бөлек элементтерден тұрады, ал барлық элементтен тұратын зат жаратылған. Алла жаратылмаған, сол себепті құрам мен бейнеден тұрмайды. Ол айтты: " Бұл мужəссимдердің сөздеріне ұқсас (антроморфисттердің): "Дене, бірақ денелер тəрізді емес", - оған Əхлю-с-Сүннет айтады: "Жаратушы, Ұлық əрі Жоғары,- ештеңеге (шайъ), ұқсас емес". Олар (мужəссима) мұны ұқсастырып қолданды: "Дене, бірақ денелер тəрізді емес". Бұл екі анықтамалардың арасында үлкен айырмашылық бар. Себебі "ештеңе" (шайъ) сөзі элементтердің пайда болуы мен бөлінуін білдірмейді, ал "дене" термині бейнені, элементтерге бөлінуді жəне пайда болуды білдіреді. Ғұламалар түсіндірмеде бөлінді: Бір бөлігі "оның бейнесінде" есімдігі оның ұрылып жатқан бауырына ( яғни, " бауырыңның жүзін құрмнтте, себебі оның жүзі сенің Адам атаңның жүзіндей" қатысты деп айтты, жəне бұл Мүслімнің риуаятынан белгілі. Екінші бөлігі болса, есімдік Адамға қайтады деп айтты, бірақ мұнда қорытылған бір əлсіздік бар. Үшінші бөлігі айтты, есімдік Аллаға қатысты айтылған жəне бұл құрмет пен таңдау мағынасына келтіру, мысалы, Алланың сөзі "Алланың түйесі" жəне Қағбаны атағандай " Алланың үйі" жəне т.б. Ал Алла жақсырақ білуші! 📚 Қр: «Имам əн-Науауи, «Шарх Сахих Мүслім», 16/166».

Теги других блогов: хадис Алла түсіндіру