Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) айтты:
Бірде Алла Елшісі ﷺ бізге айтқан уағызында: "Уа, адамдар! Расында, барлығың (қиямет күні) Аллаһтың алдында жалаңаяқ, жалаңаш және сүннеттелмеген күйде жиналасыңдар.
"Берінен уәдеміз бойынша жаратылыс атаулыны әуел баста қалай жаратсақ, (қиямет күні) сол қалпына қайта келтіреміз. Біз берген уәдемізді сөзсіз орындаймыз"
(Әнбия сүресі, 104-аят)
Қиямет күні бүкіл жаратылыстың ішіндегі ең алғаш болып үстіне лыпа жабылатын адам Ибраһим (әлейһиссәләм) болады. Және сол күні үмметімнен бір топ адам әкеленіп, сол жаққа (тозаққа) жөнелтіледі. Мен: "Уа, Раббым! Бұлар менің үмметім ғой"-деймін. Сонда маған: "Бұлардың сенен кейін не істеп, не қойғандарын білесің ғой!"- деп айтылады. Сол кезде мен Аллаһтың салихалы құлы Иса (әләйһиссәләм) секілді: "Бірге болғанымда, оларға қолымнан келгенше бас-көз болдым. Ал мені Өзіңе қайтарып алған соң, олар бір Өзіңнің бақылауында болды. Сен барлық нәрсеге толық куәсің (ешнәрсе Сенің бақылауыңнан тыс қалмайды). Егер оларды азаптасаң шүбәсіз Сен аса үстем, теңдессіз даналық Егесісің"
(Мәида сүресі, 117-118-аяттар) - деп айтамын. Сонда маған: Шынында, Сен дүниеден озғаннан кейін, олар хақ діннен алыстаған үстіне алыстай берді"- делінеді- деп айтты.
(Бұхари, Әнбия 8/риқақ 45;
Муслим, жәннат 58)